Түркістан облысында өзгенің атынан 14 млн теңге кредит рәсімдеген күдікті ұсталды

1013

Бүгінде бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысында өзгенің атынан 14 млн теңге кредит рәсімдеген күдікті ұсталды

Түркістан облысында полиция қызметкерлері тұрғынның атына 14 млн теңге кредит рәсімдеген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық полиция департаментінің дерегінше, Шардара аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол танысы банк қосымшасы арқылы өзіне ақша аударамын деп атына 14 млн теңге кредит рәсімдегенін айтқан.

Полицейлер бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексі 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркеген.

"Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында күдікті 2 тәулікте ұсталған. Тәртіп сақшылары оны үйінде ұстап, аудандық полиция басқармасына жеткізген. Олар күдіктінің барлық ақшаны құмар ойынға жұмсап жібергенін анықтаған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері қазақстандықтарға сақ болуға шақырып, банк картасының құпиясын сөзін ешкімге айтпауға және бермеуге кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу