Түркістан облысында пәтер ұрылары қолға түсті

227

Жалпы келтірілген шығын 39 млн теңгеден асады.  

Түркістан облысында пәтер ұрылары қолға түсті Фото: polisia.kz

Күдіктілер қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– 25 қыркүйекте Түркістан облысында криминалдық полиция қылмыстық топты ұстады. Олар алты ай бойы пәтер ұрлығымен айналысқан. Күдіктілер пәтерге пластикалық терезелерді бұзып ашу арқылы кірген. Алтын бұйымдар, ақша және басқа да құнды заттарды ұрлаған. Тергеу жүргізілуде, – деді ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков.

Тұрғын үйді ұрлықтан қорғау үшін ІІМ есіктерді күшейтіп, күзет жабдықтарын қою сияқты шаралар қабылдауды ұсынады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу