Түркістан облысында павлония өсіру ауқымы кеңейіп келеді

183

Павлония – әлемдегі ең жылдам өсетін ағаштардың бірі.  

Түркістан облысында павлония өсіру ауқымы кеңейіп келеді Фото: gov.kz

Сұлулығымен көз тартатын өсімдік Түркістан қаласының кіреберіс аумағында да жайқалып тұр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түркістан облысында экологиялық ахуалды жақсарту, жасыл аймақтарды кеңейту және өңірдің көгалдандыру әлеуетін арттыру мақсатында "болашақ ағашы" аталып кеткен павлонияны егу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Павлония егу жұмыстары негізінен Жетісай, Келес және Сарыағаш аудандарында қатар жүргізіліп жатыр. Жалпы өңір бойынша павлонияның 60 мыңнан астам түбі мен ондаған гектар алқабы бар. Бұл бағыттағы жұмыстардың алдағы уақытта да кеңейеді.

Павлония ағашы оңтүстік өңірдің климатына бейімделген. Ол жылына бірнеше метрге дейін өсіп, қолайлы жағдайда 20-25 метр биіктікке жетеді.

Сондай-ақ көктем-жаз мезгілінде ұзақ уақыт гүлдеп, экологиялық тұрғыдан ауаны тазартып, көмірқышқыл газын сіңіру қабілетімен ерекшеленеді. Павлония тек көгалдандыру мақсатында ғана емес, болашақта өндірістік шикізат ретінде де маңызды рөл атқарады. Оның сүрегі жиһаз өндірісінде, қайық, шаңғы, музыкалық аспаптар мен түрлі жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаруда кеңінен қолданылады.

Сала мамандары павлонияны өсіру ісі тек экологиялық бастама ғана емес, сонымен қатар табысты агроөндірістік бағытқа айналып келе жатқанын атап өтеді. Түркістан өңірінің табиғи-климаттық жағдайы бұл ағаш түрін өсіруге қолайлы деп бағаланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу