Түркістан облысында пневмонияға шалдыққандардың басым бөлігі жазылды

634

Аймақта 11 адам коронавирустан, 46 адам өкпенің қабынуынан көз жұмды. 

Түркістан облысында пневмонияға шалдыққандардың басым бөлігі жазылды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аймақтағы коронавирустық инфекцияға қатысты жағдайды баяндады. 
Оның сөзінше өңірде қатерлі індетке шалдыққан 2079 науқас тіркелген. 

"Оның көбі Түркістан қаласының тұрғыны. Сонымен қатар 9-ы – бала. Бір күнде 28 жаңдай тіркелді. Өсім – 1,4%. 2079 адамның 795-і жазылды", – деген облыс әкімі биыл пневмониямен ауырып жатқандар санының артқанын айтады. 

"Пневмония 5421 адамнан анықталды. Оның 2933-ы, 54%-ы жазылды. Өңірде өкінішке қарай 11 адам коронавирустық инфекциядан, 46 адам пневмониядан қайтыс болды", – деді ол. 

Құралай Құдайберген
Фото: kazaknews.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу