Түркістан облысы патрульдік полиция инспекторы қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапты. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Түркістан облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", - деп жазды ІІМ басшысы.
Ержан Сәденов Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына қажетті қолдау көрсететінін айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу