Түркістан облысының Жетісай ауданы прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Прокуратура мәліметінше, жергілікті атқарушы орган автомобиль жолдарын күтіп-ұстау ретінде конкурс жариялаған. Алайда талдау барысында конкурс іс жүзінде жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстарына қатысты екені белгілі болған.
Қадағалау органының дерегінше, бұл мемлекеттік сатып алу талаптарын бұзып, өзге әлеуетті қатысушылардың тең мүмкіндігін шектеген.
Прокуратураның араласуынан кейін конкурс заңсыз деп танылып, оның күші жойылды.
Нәтижесінде 125 млн теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.
Прокуратура органдары бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуын бақылау жалғасатынын мәлімдеді.