Түркістан облысында салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді

107

Жаңа туған сәби мен анасы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Түркістан облысында салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді Фото: livemaster.by

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы көпбейінді орталық ауруханада салмағы 6015 грамм, бойы 63 сантиметр болатын алып сәби дүниеге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дәрігерлер кеңесінің шешімімен ана кесар тілігі арқылы босанған. Ота сәтті өтіп, қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық.

Мамандардың айтуынша, бұл ақ халаттылардың кәсіби біліктілігі мен жауапты еңбегінің нәтижесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу