Түркістан облысында сенбілікте 2,1 тонна қоқыс жиналды

469

133 дана ағаш түбі әктеліп, 31 дана ағаш ретке келтірілді. 

Түркістан облысында сенбілікте 2,1 тонна қоқыс жиналды Фото: Түркістан облысының баспасөз қызметі

Сауранда сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Аудан көлемінде жүргізілген қызу тазалық жұмыстарына тұрғындар мен мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, жол жиектері мен көшелердегі қоқыс пен қалдықтарды шығарып, ауданның тазалығына өз үлестерін қосты.

Түркістан-Кентау және Түркістан-Шорнақ автомобиль жолының бойында ұйымдастырылған сенбілікке жұмысына 186 адам қатысты. Нәтижесінде 2,1 тонна қоқыс жиналды. 133 дана ағаш түбі әктеліп, 31 дана ағаш ретке келтірілді.

Бұл шара жолда жүрген жүргізушілер мен жолаушылар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және жол жиегінің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу