Түркістан облысында зерттеушілер жауынгердің сүйегі мен жәдігерлер тапты. Табылған заттардың жасы шамамен 2 мың жыл деп болжанып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Археологтар Түркістан облысындағы Сілбелі маңынан қорым тапқан. Үңгірде жауынгер жерленгені белгілі болды. Бұл жерлеу рәсімі шамамен 2 мың жыл бұрын болған деп болжанып отыр.
Зерттеушілердің айтуынша, үңгірдің бір бөлігі толығымен қираған, ал екіншісінде жерленген адам мен жақсы сақталған құмыра мен темір бұйымдар табылған.
"Болжам бойынша, бұл – көшпелі халықтың жауынгері, оған жерлеу атрибуты куә: бұл жерде бірнеше түрдегі темір жебелердің ұшы, көшпенділерге тән жылқы ноқтасының ауыздығы табылды. Катафракт деп аталатын қорғаныс сауыттары болған, мүмкін ол қола немесе күміс болуы мүмкін", - деді Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің профессоры Александр Подушкин.
Археологтар алғаш рет қазбаны тар (дромос) дәліз әдісі арқылы жүргізгенін айтты. Археологтар тапқан барлық олжалар Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайына тапсырылады.