Түркістан облысында шаруаларға арналған жаңа бағдарлама іске қосылды

735

Жоба бойынша енді "Ырыс" микроқаржы ұйымы фермерлерге аванстық төлемсіз қаржылық лизинг түрінде қолдау көрсетеді.

Түркістан облысында шаруаларға арналған жаңа бағдарлама іске қосылды

"Оңтүстік" аймақтық инвестициялық орталығының еншілес ұйымы "Ырыс" микроқаржы ұйымы жаңадан "Ырыс – өркендеу" бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Жоба бойынша енді ұйым фермерлерге аванстық төлемсіз қаржылық лизинг түрінде қолдау көрсетеді.

Бағдарламаның ерекшелігі және артықшылығы – ауылшаруашылығына арналған жаңа техникаларды 9 пайызбен 84 айға, яғни, 7 жылға 10 млн теңгеге дейін кепіл мүлкінсіз лизингке алуға мүмкіндіктің болуы. Осы бағдарлама бойынша кәсіпкерлер ауылшаруашылығы мақсатындағы және ауылшаруашылығы техникаларына қажетті жабдықтарды сатып ала алады. Мұнда алдын-ала төлем ретінде 25 пайыз инвестициялық субсидия төленеді.

Лизингке Түркістан облысында кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар, шаруа қожалықтар, жеке кәсіпкерлер және ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері қол жеткізе алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу