Төрт жүзден астам әскери қызметші қатысқан оқу-жаттығулардың жабылу салтанаты Қазақстанның Түркістан облысындағы Орда полигонында өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Іс-шарада оқу-жаттығуларға қатысушылардың кәсібилігі жоғары бағаланды.
Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес арнайы жасақтар шекараны бұзған шартты заңсыз қарулы құралымдарды бейтараптандыру, үстем биіктерді басып алу, электронды күрес құралдарын пайдалана отырып, ұшқышсыз ұшу аппараттарын істен шығару, сондай-ақ дрондардың шабуылынан қорғау мақсатында әуе барлауын жүргізу жөніндегі міндеттерді шебер орындады.
Қорытындылай келе, оқу-жаттығуда ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге марапаттар табысталды.