Түркістан облысында шетел азаматтары газдан уланып, ауруханаға түсті

251

Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 

Түркістан облысында шетел азаматтары газдан уланып, ауруханаға түсті Фото: comments.ua

Түлкібас ауданында екі өзбекстандық азамат газдан уланып қалған. Олардың біреуі ауруханаға ессіз күйінде жеткізілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Шетелдік азаматтар Қазақстанға құрылыс жұмыстарын істеуге келген. Айтуларынша, олар түнде көмір жағып ұйықтап қалған. Араға бірнеше күн салып, науқастардың жағдайы жақсарып жансақтау бөлімінен палатаға көшірілді.

"Бірінші науқас Абдукаримов ауыр жағдайда түсті. Науқас 7 сәуірге дейін өкпені жасанды тыныстандыру аппаратында болды. Жағдайының жақсаруына байланысты қазір терапия бөліміне ауыстырылды. Екінші науқас та ауыр жағдаймен түсті. Ем көрсетіліп, 4-5 сағаттан соң есін жиған соң 5 сәуірге палатаға көшірілді", –  дейді Түркібас аудандық орталық ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Бақыт Оспанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу