Түркістан облысында шіркейлерге қарсы дәрілеу жұмыстары басталды

568

Облыста шіркейге қарсы дезинсекциялау жұмыстары Сырдария өзенінің бастауынан басталды.  

Түркістан облысында шіркейлерге қарсы дәрілеу жұмыстары басталды Фото: gov.kz

Мамандар облыс аумағындағы 352 шақырым Сырдария өзенін 6 аймаққа бөліп, әрбір 60 шақырымын дәрілемек.

Сондай-ақ, олар дәрілік заттың төрт түлік малға, балық пен өзге тіршілік иелеріне қауіпсіз екендігін атап өтті.

Шіркейлердің дернәсілдерімен күресу үшін дәрілерді суға жіберу әдісі, ал су қорғау және далалық аймақтарда химиялық өңдеу әдісі қолданылмақ. Дезинсекция жұмыстарының өңдеу алаңы, дәрінің көлемі - ғылыми сүйемелдеудің қорытындысына сәйкес жүргізілуде. Биыл 8 ақпаннан бастап ғылыми сүйемелдеу жұмыстары жүргізілген болатын. Аталған бағыттағы жұмыстарға 42 техника мен 96 жұмысшы күші жұмылдырылған.

Дезинсекция жұмыстарына әуе ұшағы, арнайы көліктер мен мамандар тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу