Түркістан облысында сібір жарасының ошағы анықталды

1587

Бұл туралы ҚР бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

Түркістан облысында сібір жарасының ошағы анықталды

Қазақстанның 3 облысы мен бір қаласында конго-қырым гемморагиялық қызбасының табиғи ошағы тіркелген. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстанда оба, туляремия сияқты аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары бар. Ал Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында конго-қырым геморрагиялық қызбасы мен бүйрек синдромды геморрагиялық қызбасының ошақтары анықталды. Қазақстанның барлық облыстарында күйдіргі, кене энцефалиті, құтыру сияқты қауіпті індеттердің  қолайсыз стационарлық пунктері бар",– деді бас санитар.

Баспасөз мәслихаты барысында Жандарбек Бекшин өткен жылы Шығыс Қазақстан аумағынан шыққан сібір жарасының ошағына қатысты мәлімет берді.

"Расымен де былтыр Шығыс Қазақстанның Катонқарағай ауданында сібір жарасының ошағы шығып, бір адам көз жұмған болатын. Кейін ауру бұрынғы мал қорымынан шыққаны анықталған. Биыл Шығыс Қазақстанда сібір жарасының қаупі жоқ. Есесіне Түркістан облысында бір ошақ анықталып отыр", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу