Түркістан облысында колледждің бірінші курсында оқитын қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қайғылы оқиға Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылында болған.
Облыстық полицияның хабарлауынша, күдікті ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары басталды. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында", – делінген Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу