27 тамыз күні кешкі сағат 20:00 мен 22:00 аралығында жаңбыр түріндегі толассыз жауын-шашын салдарынан Арыс қаласы және Сайрам ауданында жаңбыр суынан аулаларда судың жиналуы орын алды.
Төтенше жағдайлар департаменті мен Жергілікті атқарушы органдардың күштерімен үйлерді су басудың алдын алу мақсатында, 24 аула аумағынан (Арыс қаласы-21, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы-3) жаңбыр суын сору жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмысқа барлығы 64 қызметкер, 11 мотопомпа және 5 бірлік техника, оның ішінде Төтенше жағдайлар департаментінен 41 қызметкер, 8 бірлік мотопомпа және 3 бірлік техника және Жергілікті атқарушы органдардан 23 қызметкер, 3 бірлік мотопомпа және 2 бірлік техника жұмылдырылды.