Түркістан облысында суармалы судың тапшылығын шешу үшін жаңа су қоймалары салынуда

126

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында өңірде жаңа су құрылыстарын салу бойынша жобалар белсенді іске асырылуда.  

Түркістан облысында суармалы судың тапшылығын шешу үшін жаңа су қоймалары салынуда Фото: gov.kz

Қазірдің өзінде "Бәйдібек ата" су қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр, сондай-ақ "Боралдай" жобасының жұмысы басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осы жобалар аяқталғаннан кейін "Бөген" су қоймасына қосымша 113 млн м3 су жіберіледі деп күтілуде, бұл суармалы жерлерді сумен қамтамасыз етуді айтарлықтай арттырады.

Сонымен қатар өңірде Ордабасы мен Сауран аудандарында қосымша су қоймалары іске қосылады, бұл тәулігіне 194 м3 дейін су беруге мүмкіндік береді.

"Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 890 мың гектарға, өткен жылмен салыстырғанда 17 мың гектарға артық егілді. Оның ішінде, суармалы алқап 552 мың гектарды құрайды. Егістікке қажетті ағын су көлемі фермерлердің сұранысына сәйкес бөлінеді. Вегетациялық маусым басталды және қалыпты деңгейде өтіп жатыр", – деп атап өтті Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу