Суару каналынан мәйіті табылған қыз туралы тың деректер шықты

1354

Бұл туралы ІІМ хабарлады. 

 Суару каналынан мәйіті табылған қыз туралы тың деректер шықты Фото: Zakon.kz

Түркістан облысы Ордабасы ауданында кеудесіне пышақ жарақаты салынған 9 сынып оқушысының мәйіті каналдан табылған болатын. 

Күдікті ретінде 11 сынып оқушысы ұсталды. Аталған оқиғаға қатысы бар деген екінші күдікті жігіттің жеке басы анықталып, қамауға алынды. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт. 

Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын  оқиға орнында нақтылап көрсетті.

Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу