Түркістан облысында суды қажет етпейтін қарбыз пісіп жетілді

1469

Бұл тәжірибені ғалым Бердияр Қалымбетов Бірлесу ауылдық округінде жүзеге асырып отыр.   

Түркістан облысында суды қажет етпейтін қарбыз пісіп жетілді

Түркістан облысы Келес ауданында суды қажет етпейтін қара қарбыз пісіп жетілді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Қарбыздың ұрығын көрші Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысы Жанбай ауданынан әкелінген. Аталған егіннің ерекшелігі ұрық ерте көктемде ылғалға егіліп, сол сәттен пісіп жетілгенше су ішпейді. Қарбыздың су қажет етпейтінінің ұтымдылығы - ауданның суару мүмкіншілігі болмаған жерлерде егін шаруашылығын тиімді пайдалану. Алдағы уақытта ғалым аталған тәжірибені басқа да ауданның диқандарына үйретіп, егістік алқабын кеңейтуді көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу