Түркістан облысында сусыз өсетін қарбыз пісті

1783

Келес ауданында суды қажет етпейтін қара қарбыз пісіп жатыр. 

Түркістан облысында сусыз өсетін қарбыз пісті

Бұл қарбыз тәжірибе мақсатында егілген. Оны ғалым Бердияр Қалымбетов Бірлесу ауылдық округінде жүзеге асырып отыр екен. Қарбыздың ұрығын көрші Өзбекстан Республикасы Самарқан облысы Жанбай ауданынан әкелген. Аталған егіннің ерекшелігі –ұрық ерте көктемде ылғалға егіліп, сол сәттен пісіп жетілгенше су ішпейді.

Алдағы уақытта ғалым аталған тәжірибені басқа да аумақтағы диқандарға үйретіп, егістік алқабын кеңейтуді көздеп отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу