Қазақстанда тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

1071

Өз кезегінде жеке кәсіпкерлер игі бастамаға қолдау білдірді. 

Қазақстанда тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты. Жаңажол ауылында 3 жылдан бері мүлде қылмыс тіркелмеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төлеби ауданы Бірінші мамыр ауылдық округіне қарасты Жаңажол ауылында тұрғын саны 2500-ден асады. Бір-біріне деген сый-құрметі артқан ауылда 6 азық-түлік дүкені бар. Қуанышты жаңалық осы, алдағы уақытта аталған дүкендердің сөресінде арақ-шарап сатылмайды. Өйткені ауыл тұрғындары ішімдіктен мүлдем бас тартты.

Бұл бастаманы дамыту үшін ауыл ақсақалдары, әкімдік, полиция, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер көтеріп, жиын өткізді. Онда Жаңажол ауылы тұрғындардың ішімдіктен бас тартуы, қылмыстың болмауына, құқық бұзушылықтың орын алмауына, отбасылық дау-жанжалдарға жол бермеуге өз септігін тигізетіні айтылды.

Өз кезегінде жеке кәсіпкерлер игі бастамаға қолдау білдірді. Айта кетсек, ауылда учаскелік полиция инспекторларының жүйелі жұмысы мен тұрғындардың ащы судан бас тартуы себебінен, соңғы 3 жылда мүлдем қылмыс тіркелмеген.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу