Түркістан облысында тағы бір қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегі анықталды

615

Пирамидаға тартылған жалпы сома 80,5 млн теңгені құрады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Түркістан облысында тағы бір қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегі анықталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті "Не работа" атты қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегі анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс-шаралары жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан топ 2019-2021 жылдар аралығында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін тартылған қаражатты өз бағытына пайдаланбай, жеке тұлғалардан қаржылық пирамидаға активтерді тартуды қамтамасыз етті. Пирамидаға тартылған қаражат сомасы 80,5 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде", – деп жазылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан хабарламада. 

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу