Түркістан облысында тағы бір шаңғы трассасы салынады

1258

Төлеби ауданында таулы инфрақұрылым мен коммерциялық аймақ салынбақ.

Түркістан облысында тағы бір шаңғы трассасы салынады

 Түркістан облысында "Қасқасу" туристік-рекреациялық орталығының жобасын жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл жоба "KaskasuResort" ЖШС және "Түркістан" ӘКК" АҚ арқылы іске асырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Түркістан" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жоба бойынша Төлеби ауданында таулы инфрақұрылым мен коммерциялық аймақ салынбақ. Теңіз деңгейінен 1 750-ден 3 200 метрге дейінгі биіктікте шаңғы трассалары мен арқанды және бөген жолдарының құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ, қонақүйлер, мейрамханалар, аквапарк, Альпі ауылдары, ойын, спорт және жаттығу орталықтары орналасатын болады. Жалпы, Сайрам-Өгем табиғи ұлттық паркі аумағында 360 га жерде орналасқан кешен аймақтың бай туристік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Еске сала кетсек, 2019 жылы "Қасқасу" туристік-рекреациялық орталығы тау инфрақұрылымының жобасы Түркістан облысының 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енгізілген болатын. 2020 жылы "Түркістан" ӘКК тау-кен инфрақұрылымының бірінші фазасын іске асыруға кірісуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда нысанның техника-экономикалық негіздемесіне оң қорытынды алынып, жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Қазір барлық құжаттар сараптамаға жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу