Түркістан облысында танысын балталап өлтірген ер адам 9 жылға сотталды

955

  Оқиға биыл наурыз айында болған.

Түркістан облысында танысын балталап өлтірген ер адам 9 жылға сотталды Фото: Ашық дереккөзден

 

Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі

Оқиға биыл наурыз айында болған. Ішімдік ішкен екі тұрғынның іс-әрекеті адам өлімімен аяқталды.

"Күдікті ұйықтап жатқанда балта ұстап келген жәбірленуші оны соққыға жығып, ағаш сабымен қылқындырған. Содан кейін күдікті қолына ілінген қайшыны жәбірленушінің қолына тығып, балтаны күштеп тартып алған. Қарсыласының бас тұсынан балтаның жүзімен бірнеше рет соққы жасайды. Ауыр дәрежелі дене жарақатынан жәбірленуші сол жерде мерт болған. Сотталушы кінәсін толық мойындады. Сот үкімімен сотталушыға ҚР ҚК 99 бабы 1-бөлігімен 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу белгілеген. Үкім заңды күшіне енген жоқ" - делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу