Түркістан облысында таудан құлаған туристің денесі табылды

1315

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркістан облысында таудан құлаған туристің денесі табылды Фото: pixabay.com

Бүгінгі таңда Түркістан облысында жоғалған туристің денесін таудан түсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгін Түркістан облысы ТЖД құтқарушыларының күшімен теңіз деңгейінен 3800 м биіктікте 1967 жылы туған адамның денесі табылды. Қазіргі уақытта оны жаяу түсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалыңдығы 20 см қар жамылғысы, жер бедерінің таулы, тасты болуы түсіру жұмыстарына қиындатуда", - делінген хабарламада.

Түркістан облысының Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Альпинизм федерациясының кәсіби альпинистері іздеу-құтқару жұмыстарына жұмылдырылды.

Еске салайық, 3 шілде күні 56 жастағы ер адам Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің аумағында тау басынан түсіп келе жатқанда төмен құлап кеткен. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу