Түркістан облысында тазалық сақтамаған мектептерге 271 млн теңгеден астам айыппұл салынды

567

Барлығы 824 мектеп тексеріліп, 876 тұлғаға 271 млн теңгеден астам айыппұл салынды.  

 Түркістан облысында тазалық сақтамаған мектептерге 271 млн теңгеден астам айыппұл салынды Фото: ernur.kz

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жыл басынан бері облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қарасты басқармалар тарапынан жаңа тәртіп бойынша 824 мектеп тексерілді. Анықталған кемшіліктерге сәйкес 876 тұлғаға 271 672 785 теңге көлемінде айыппұл салынған. Оның ішінде 105 заңды, 207 лауазымды және 290 жеке тұлға бар.

Сондай-ақ, тексеру нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабының 1-тармағы "қорытындысыз жұмыс бастау" бойынша – 426 іс, 462-бабының 3-тармағы "берілген ұйғарым талаптарының орындалмауы" бойынша – 87 материал сотқа жолданған.

"Мектептер эпидемиялық маңызды нысандар тізіміне кіргендіктен, жылына 1 рет санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары тарапынан ерекше тәртіппен тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде тексеру туралы хабардар болғанымен, мектеп әкімшілігі мектеп ғимаратының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуына аса назар аудармайтыны анықталды", - деді Асқар Ысқақов.

Спикердің айтуынша, мектептерде жиһаздың таңбаланбауы, сабақтар арасындағы үзіліс уақыты сақталмауы мен сабақ кестесі ыңғайсыздығы бойынша пәндерді саралау кестесінің гигиеналық талаптарға сәйкес бекітілмеуі, қоқыс контейнерлерінің тазаланбауы, жуылмауы және дезинфекцияланбауы, санитариялық тораптардың уақытылы алынбауы, дезинфекциялау жұмыстары жүргізілмеуі сынды кемшіліктер жіберілген.

Айта кетейік, Түркістан облысында 980 мектеп, 21 интернат, 4 балалар үйі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу