Түркістан облысында теміржолшы пойыз астына түсіп, қаза тапты

117

Түркістан облысындағы Қостүйін станциясында қайғылы жағдай тіркелді. 

Түркістан облысында теміржолшы пойыз астына түсіп, қаза тапты  Фото: canva.com

Теміржол қызметкері №77 жолаушылар пойызының астына түсіп, ауыр жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, пойыз шамамен 78 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Қауіп туындаған сәтте машинист шұғыл тежегішті іске қосқанымен, теміржолшы жолдан шығып үлгермеген.

– Түркістан станциясының желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта іс бойынша оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

Ведомство өкілдері Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын мәлім етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу