Түркістан облысында тігін фабрикасы ашылды

476

Жобаға жұмсалған жалпы инвестиция көлемі 80 млн. 

Түркістан облысында тігін фабрикасы ашылды Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Сайрам ауданының Қарабұлақ елді мекенінде тігін филиалы іске қосылды. Кәсіпорын жылына 120 000 арнайы форма (ІІМ) тігуге қауқарлы. теңгені құрайды.

Аталған инвестициялық жоба барысында 110 жаңа жұмыс орны пайда болады. Қазіргі уақытта кәсіпорын 30-дан аса маманды жұмыспен қамтамасыз етіп үлгерді. Сайрам ауданы облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі бойынша көш бастап тұр. Ал өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша екінші, халық саны бойынша 226,2 мың адамды құрап 1-орында.

Алдағы уақытта аталған компания Көлкент ауылдық округінде тағы бір тігін филиалын іске қосуды көздеп отыр. Жобаны іске қосу өңірде ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету көлемін арттыруға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықтың әл-ауқатын көтеруге өз септігін тигізеді.

Айта кетейік, Түркістан облысында 150 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу