Түркістан облысында тігін фабрикасының қазығы қағылды

736

Кәсіпорын алдағы қазан айында іске қосылды.

Түркістан облысында тігін фабрикасының қазығы қағылды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің қатысуымен тігін фабрикасының құрылыс алаңында капсула салынды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Жаңа өндіріс ошағы "Turkistan" индустриалды аймақта орналасқан. Жоба Өзбекстан президенті Шавкат Миромонович Мирзиеевтің тапсырмасы бойынша жүзеге асуда.

Өңір басшысы бірлескен жобаның әлеуметтік маңыздылығы мен тиімді тұстарын атап өтті. Фабрикада әртүрлі жастағы 1000-нан астам жұмыс орны ашылып, аз қамтылған отбасылардан шыққан қыз-келіншектер мен мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыспен қамтамасыз етіледі.

"Өзбекстандық әріптестерімізбен бірлесе салатын бұл тігін фабрикалары өңіріміздің экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылауына үлес қоспақ. Бүгінде өңірімізде өзбек капиталының қатысуымен 40-тан астам жоба жүзеге асуда. Бұл тігін фабрикасы кезекті сәтті жоба және екі елдің бірлескен ынтымақтастығының лайықты нәтижесі болатынына сенімдімін", – деді Өмірзақ Естайұлы өз сөзінде.

Өндіріс орны айына 15 000 дана тоқыма өнімдерін шығарады. Барлық мамандар кәсіби деңгейде оқытылады. Олар Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде білімін жетілдіре алады.  Жоба инвестицияларды тарту және экспортты дамыту жөніндегі "Turkistan Invest" өңірлік агенттігінің қолдауымкен және "бір терезе" қағидаты бойынша жүргізіледі. Жаңа кәсіпорын алдағы қазан айында іске қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу