Түркістан облысында төрт түліктен құтырма ауруы табылып, карантин жарияланды

215

Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды. 

Түркістан облысында төрт түліктен құтырма ауруы табылып, карантин жарияланды Фото: inbusiness.kz

Ашық НҚА порталында Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауыл округі әкімі шешімінің жобасы жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжат жобасында талқыға ұсынылып отырған шешім Ветеринария туралы заңның 10-1 бабының 7-тармақшасына сәйкес екені айтылған. 

"Тексеруге өткізілген төрт бас уақ малдың ми сынамасынан және бір бас жылқы миының сынамасынан құтырма ауруы табылуына байланысты Жаңабазар ауыл округі Тілектес елді мекені, Бостанов көшесі № 45-120 үйлердің аумағына шектеу шаралары белгіленсін", - деп жазылған шешім жобасында.

Құжатта шешім алғаш жарияланған күннен бастап күшіне енетіні айтылған.

"Тексеруге өткізілген бір бас ірі қара миының сынамасынан құтырма ауруы табылуына байланысты Жаңабазар ауыл округі Қарабастау елді мекені Төленді көшесі № 134 тұрғын үйдің аумағына шектеу шаралары белгіленсін", - деп жазылған құжатта. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу