Түркістан облысында трактор тіркемесін шығаратын шағын зауыт іске қосылды

1289

8 тоннадан аса жүк сиятын трактор тіркемелері құрастырылуда.

Түркістан облысында трактор тіркемесін шығаратын шағын зауыт іске қосылды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында жылына 70 трактордың тіркемесін жасап шығаратын өндіріс орны іске қосылды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттен қайтарымсыз 225 млн теңге грант жеңіп алған "Центр сервис СХМ" өндірістік кешені аграрлы аймаққа қажетті тіркемелерді шаруаларға тиімді бағада шығаруды көздеп отыр.

Кешен басшысы Нұрлан Нұрбековтің айтуынша, еліміздегі қолданыста жүрген тракторлардың 65 пайызы, комбайндардың 46 пайызының пайдалану мерзімі 17 жылдан асқан.

"Қазіргі таңда тракторлардың 15 пайызы қазірдің өзінде істен шықса, 26 пайызы есептен шығаруға жатады. Комбайндар және басқа да қосалқы техникалардың жағдайы да осындай. Ал, ескі техникаларды пайдалану шығынды көбейтеді және егінді толық жинап алуға мүмкіндік бермейтіні айдан анық. Осы олқылықтарды жою үшін мемлекетіміз тарапынан техникаларды жасаушы отандық кәсіпорындарды қолдау шаралары белгіленді. Солардың қатарында отандық техника жасаушыларға өз өнімдерін ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге арзандатып сату үшін субсидиялар беру, қосымша құн салығынан жеңілдіктер жасау, гранттар беру сияқты жұмыстар атқарылуда. Міне, мемлекет тарапынан берілген осындай көмектің арқасында ауданымызда трактордың тіркемелерін шығаратын шағын зауытты іске қосып отырмыз", – деді Бақыт Насырханұлы.

Бүгінде шағын зауытта 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 3D қондырғылардың арқасында қажетті торлы сымдар мен қаңылтыр жасап шығарылып, көлемі 8 тоннадан аса жүк сиятын трактор тіркемелері құрастырылуда. Кәсіпорын 10 трактор тіркемесіне тапсырыс алыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу