Түркістан облысында түлектер спорт кешенін салып берді

435

Бұған дейін ауылда қазіргі заман талабына сай спорт кешені болмаған. 

 Түркістан облысында түлектер спорт кешенін салып берді Фото: Түркістан облысының баспасөз қызметі

Жетісай ауданы Мақталы ауылдық округінде мектеп түлектері ауыл жұртшылығына спорт кешенін сыйға тартты.

Оңалбек Тастанбекұлы атындағы әмбебап спорт кешенінің ашылу салтанатына округ әкімі Мейрамбек Абдумажитов пен аудандық мәслихат депутаты Азамат Қожабаев, ауыл ақсақалдары мен №34 А.П.Чехов жалпы орта мектебінің әр жылғы түлектері, Оңалбек Тастанбекұлының туған-туыстары қатысты.

— Бұқаралық спортты дамыту, насихаттау және өскелең ұрпақты спортқа тәрбиелеу мақсатында сыйға тартқан спорт кешенінде жаттыққан қара домалақ ұлдарымыздың арасынан танымал спортшылар мен атақты азаматтар шыға берсін! Бұған дейін де ауылымыздағы мектеп түлектері ақсақалдармен келісіп, медіресе салып берген болатын.

Мұндай игі іс – ауыл азаматтары арасында жақсылық жасау эстафетасы ретінде дәстүрлі түрде жалғасып келеді, — деді М. Абдумажитов.

Кәсіпкер Сержан Тастанбековтың игі бастамасымен бой көтерген ғимаратқа демеушілік жасаған мектеп түлектеріне ризашылығын білдірген ауыл ақсақалдары мен спорт ардагерлері ақ батасын беріп, алғыстарын айтты.

Айта кетейік, заманауи ғимаратта ауыл балалары енді спорттың күрес, бокс, ауыр атлетика және қол күресі сынды түрлерімен жаттығуларына мүмкіндік жасалып отыр. Ауыл көркіне сән берген спорттық кешенде үлкен-кіші барлық ауыл тұрғындары бірдей дене тәрбиесі және спортпен тегін айналыса алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу