Түркістан облысында тұрақтандыру қорына 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді

953

Түркістан облысында тұрақтандыру қорына 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді

Биыл Түркістан облысында тұрақтандыру қорына 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Оған арзандатылған бағамен 19 түрлі азық-түлік өнімі сатып алынған, деп хабарлайды 24.kz.

Мәселен, 4,5 мың тонна картоп, 1200 тонна пияз, 1 мың тонна сәбіз қоры бар. Мамандардың айтуынша, өңір халқына қажетті азық-түліктің барлығы жеткілікті.

"Қазіргі таңда мың тонна ұн, мың тонна шекер, 70 тонна күріш,  50 тонна күнбағыс майын  сатып алып жатырмыз. Одан бөлек 190 тонна ет өнімі бар, тауық еті бар, осыларды сатып алуды жоспарлап отырмыз. Осындай көлеммен біз шымкент қаласын қамтамасыз етіп келдік, Түркістан қаласы халқының саны әлде қайда аз, сондықтан біз алған тауарлар жеткілікті деп сенеміз", - дейді әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация төрағасының орынбасары Маратбек Мырзамұратов.

Биыл Түркістан облысының 16 аудан-қаланың барлығында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 35 жәрмеңкесі өткізілді. Осы шаралардың аясында 332 млн теңгенің 2208 тонна өнімі нарықтағы бағадан 15-20 пайызға дейін төмен сатылды. Сондай-ақ биыл Астананың 20 жылдығына орай Түркістан облысы тауар өндірушілерінің 4 рет жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған 90-ға жуық тауар өндірушілер қатысып, құны 826 млн теңге болатын 1753 тонна өнім саудаланған.

"Түркістан облысы биыл 2,7 млн жеміс-жидек жинап, ректордтық көрсеткішке қол жеткізді. Оның 500 мың тоннасын Ресей, Беларусь, Литва, Германия мемлекеттеріне экспортталса, 1 млн тоннасы еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтілді. Ет экспорты 4,6 тоннаға жетіп, республикадағы үлес 52 пайызды құрады", - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұржігіт Мырзахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу