Түркістан облысында тұрғындар полицияға 120 атыс қаруын тапсырды

554

Оның ішінде 16-сы кіші ойық калибрлі мылтық болса, 104-і тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ 700-ден астам түрлі калибрлі патрон.  

Түркістан облысында тұрғындар полицияға 120 атыс қаруын тапсырды Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында тұрғындардан заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Акция басталған 24 тәулік ішінде облыс бойынша 90 азамат өз еркімен 120 атыс қаруын тапсырды. 

Айта кетсек, тиісті рәсімдер жүргізілгеннен кейін, қарудың техникалық жағдайына байланысты комиссия отырысында қаражат төлеу туралы шешім қабылданады. Сондай-ақ акция барысында Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды заңсыз сақталған және тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыруға кеңес береді. Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу