Түркістан облысында тұрғыннан 1,5 млн теңге бопсалағандар ұсталды

186

4 күдікті – Сайрам ауданының тұрғындары.  

Түркістан облысында тұрғыннан 1,5 млн теңге бопсалағандар ұсталды Фото: polisia.kz

Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бопсалау қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Олар жергілікті тұрғыннан 1,5 миллион теңге сомасында ақша бопсалағаны анықталды

Жедел уәкілдер күдіктілерді тінту барысында жәбірленушіден алынған жеңіл автокөлік, 40-қа жуық оқ-дәрі мен басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі.

Қазіргі уақытта бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілер қамауға алынды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу