Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын заңға қайшы психотроптық трамадол дәрісін қолданатыны туралы хабарлама келіп түскен.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдік тудырған тұрғынды анықтады.
Күдікті ер адамды тінту барысында оның тұрғылықты мекенжайынан 24 дана трамадол дәрісі табылып, айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу