Түркістан облысында туристік полиция бөлімі қызметке кірісті

1302

Туристік полиция қызметкерлері кәсібилігімен қатар, туристермен қарым-қатынас жасау үшін бірнеше тілді меңгерген. Сондай-ақ тарихтан хабардар.

Түркістан облысында туристік полиция бөлімі қызметке кірісті

Түркістан облысы полиция департаментінің негізінде көші-қон полициясы басқармасының жанынан жаңа бөлім – туристік полиция құрылды, деп хабарлайды otyrar.kz.

"Бүгінгі таңда Түркістан облысы полиция департаментінің туристік бөлімшесі 10 қызметкерден тұрады, оның 5-еуі Қ.А.Яссауи кесенесінде болса, қалған 5-і Отырар ауданы полиция бөліміне, яғни Арыстан баб мавзолейіне берілді. Әр обьектіде модульдік түрдегі стационарлық бекеттер орналастырылып, жұмыс режимі бейнетітіркегіштермен, планшеттермен, рациялармен жабдықталған және "Tourist Polise" жазуымен нысанды киімдермен қамтамасыз етілген", – дейді ­ТО ПД басшысының орынбасары А.Сейдуалиев.

Сонымен қатар, туристік полиция қызметкерлері кәсібилігімен қатар, туристермен қарым-қатынас жасау үшін бірнеше тілді меңгерген. Сондай-ақ тарихтан хабардар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу