Түркістан облысында түрлі жазатайым оқиғадан 36 бала қайтыс болған - прокуратура

614

Түркістан облысында балалардың жазатайым жағдайларға ұшырауы жиілеген. Облыстық прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері өңірде осындай 50-ден аса оқиға тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Түркістан облысында түрлі жазатайым оқиғадан 36 бала қайтыс болған - прокуратура Фото: liter.kz

Прокурорлардың мәліметінше, жол-көлік оқиғалары мен суға бату, кәріз шұңқырына түсіп кету мен күйік шалу жайттары көбейген. Сондай-ақ, өрт шығу мен ит тістеу деректері де бар. Балалардың токқа түсуі, биік ғимараттардан құлауы сияқты оқиғалар да болды. Соның салдарынан 36 бала көз жұмып, ондағаны түрлі дене жарақаттарын алды. Қадағалаушы орган өкілдері мұндай жағдайлардың негізгі себептері ата-аналардың жауапсыздығы екендігін айтады. Осы орайда, балаларын қараусыз қалдырған ата-аналар мен жұмысына жауапсыз қараған бірқатар уәкілетті орган өкілдері жазаланған.

"Жыл басынан бері жауапсыз әрекеттері үшін 90-нан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, облыс прокуратурасы талдау жүргізу нәтижесінде 5 заң бұзушылықты жою негізінде ұсыным енгізіп, 10-ға жуық лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Дулат Әшірбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу