Түркістан облысында түрмедегілер бүлік шығарды

564

Тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның екі қызметкері мен бір полиция қызметкері жарақат алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Түркістан облысында түрмедегілер бүлік шығарды Фото: uaqyt.kz

Түркістан облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, түзеу мекемесіндегі кейбір тұтқындар қамауда ұстау режимімен келіспеуіне байланысты наразылық білдірген.

20 қыркүйек күні кешке жазасын өтеушілер электр трансформаторын өртеп жіберген.

"Аталған факті бойынша "мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтық түрде бағынбау, сол сияқты топтық бағынбауға қатысу, күш қолдану немесе өзіне қасақана зиян келтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу