Бұл туралы Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Түркістан облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өз туыстарын аяусыз өлтірген күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қаралуда.
Тергеу органдарының қорытындысына сәйкес, сотталушы Б.Ж. ҚР Қылмыстық кодексінің:
- 125-бабының 2-бөлігі 1-тармағы (адам ұрлау)
- 126-бабының 1-бөлігі (заңсыз бас бостандығынан айыру)
- 99-бабының 2-бөлігі 1,3,7-тармақтары (екі немесе одан да көп адамды қатыгездікпен өлтіру) бойынша айыпталып отыр.
Ал Б.Е. сотқа 125-бабының 2-бөлігі 1-тармағы және 99-бабының 2-бөлігі 1,3,7-тармақтары бойынша жауапқа тартылуда.
Сотталушылар істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш білдіріп, бұл талап қанағаттандырылды.
Келесі сот отырысы 11 наурыз 2025 жылы сағат 10:00-де өтеді.
Қылмыс 2024 жылдың тамыз айында жасалған, жәбірленушілер саны – екі адам.