Түркістан облысында қанша Ұлы Отан соғысы ардагері қалды

2019

Биыл екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 77 жыл толды.

Түркістан облысында қанша Ұлы Отан соғысы ардагері қалды

Түркістан облысында 5 301 ардагер мен оларға теңестірілгендер тұрады. Оның ішінде 22 соғыс ардагері мен соғыс мүгедегі бар, деп хабарлайды inbusiness.kz өңір әкімдігінің мәліметіне сүйеніп.

Ал Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер саны 154 болса, тыл еңбеккерлерінің саны – 5 125.

"Қазақстан Республикасы бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға бірдей мөлшерде біржолғы материалдық көмектер төлену жоспарланып, жергілікті бюджеттен қаржы қаралды. Осы арқылы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 (бір) миллион теңге, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендерге санаттарына қарай 30-100 мың теңге аралығында бір реттік материалдық көмек беріліп жатыр", – деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Жеңіс мерекесі қарсаңында Түркістан облысындағы білім ұялары мен спорттық алаңдарында патриоттық бағыттағы тәрбие сағаттары, кездесулер, концерттер ұйымдастырылады. Сонымен қатар басшылардың және Ардагерлер кеңесі төрағаларының, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялардың қатысуымен майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу