Түркістан облысының тәртіп сақшылары "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 10 бірлік тіркелмеген қару анықтады, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері 357 мыңнан астам пәтер, 336 мыңға жуық үйді тексерді. Өңір бойынша 314 жалдамалы пәтердің бары белгілі болды. Бұдан бөлек тұрғылықты жері жоқ 83 адам анықталып, оның ішінде 11-і қабылдау-тарату орындарына орналастырылды.
Тәртіп сақшылары қару иелерінің тұрғылықты жерін тексеріп, заңсыз айналымнан 10 бірлік тіркелмеген қару алынды.
450-ден астам адам көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.