Түркістан облысында заңсыз ақша айырбастау фактілерінің жолы кесілді

436

"Жібек жолы" кеден бекетінде заңсыз ақша айырбастаумен айналысатын 9 азамат анықталды.

Түркістан облысында заңсыз ақша айырбастау фактілерінің жолы кесілді Фото: google.com

Бұл туралы inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Рейд барысында Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Жергілікті полиция қызметі полицейлері бірлесіп, Сарыағаш ауданындағы "Жібек жолы" кеден бекетінен заңсыз ақша айырбастаумен айналысатын 9 азаматты анықтады.  

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 7 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ 2 құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы бойынша жауапқа тартылып, айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу