Түркістан облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан тұрғын ұсталды

464

Азаматтан сойылған арқар еті, қару мен оқ-дәрілер табылды

Түркістан облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан тұрғын ұсталды Фото: Polisia.kz

Polisia.kz мәліметінше, Созақ ауданы табиғатты қорғау тобының инспекторы мен “Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы” қызметкерлері күнделікті жұмыс атқару кезінде, таулы аймақтан күдікті ер адамды байқап, оны тоқтатып, не мақсатпен жүргенін сұрастырады. Сондай-ақ тұрғынның өзімен бірге алып келе жатқан қапқа көзі түсіп күмәнданған полицей тексеру жүргізеді. 

Тексеріс кезінде ер адамнан ойық ұңғылы кіші калибрлі ТОЗ-8 және ТОЗ-12 аңшы мылтығы, 16 оқ-дәрі тәркіленіп алынды. Одан бөлек арқарға ұқсас бөлшектенген жануардың жаңа сойылған еті табылды. Қару мен жануар етіне сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта аталған факт ҚР ҚК-нің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға ҚР-ның Қызыл кітабына енгізілген құрып кету қауіпі бар, сирек кездесетін жануарларды атып алуға байланысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын қатаң ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу