Түркістан облысында заңсыз ауланған 60 келі сазан тәркіленді

1216

Түркістан облысында браконьерлерден заңсыз аулаған 60 келі сазан тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Түркістан облысында заңсыз ауланған 60 келі сазан тәркіленді

Сырдария өзенінде темірден жасалған шанышқыны пайдаланып, заңсыз балық аулап жүрген екі тұрғын ұсталды. Олардан айғақты зат ретінде бір резеңке қайық, насос пен сүзгіш, жарықбергіш, токбергіш құрылғылар алынған. Сонымен қатар олар аулаған 60 келі сазан тәркіленді.

Полиция қызметкерлері күдіктілерді істің мән-жайын анықтау үшін бірден аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Қазіргі уақытта аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу