Түркістан облысында заңсыз балық аулаған екі браконьер 6 жылға сотталды

537

Тәртіп сақшылары браконьерлердерден заңсыз ауланған 150-ге жуық балық тәркіледі.

Түркістан облысында заңсыз балық аулаған екі браконьер 6 жылға сотталды Фото: mailim.kz

Түркістан облысында заңсыз балық аулаған екі браконьерге қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Балықшылар Шардара су қоймасы аумағында және Сырдария мен Арыс өзендерінің жағасында жүргізілген рейд жұмыстарының барысында қолға түскен. Тәртіп сақшылары балық аулаушылардан қайық, электр қуатын күшейткіш құралдар мен заңсыз ауланған 150-ге жуық балық тәркіледі. Оның 50-ге жуығы Қызыл кітапқа енген "Түркістан қаязы" балығы екені анықталды.

"Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы бойынша тіркеліп, жинақталған материалдар сотқа жіберілді. Нәтижесінде сот қаулысымен заңсыз балық аулаған екі тұрғынға қатысты 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу