Түркістан облысында заңсыз қару мен есірткі сақтаған тұрғындар ұсталды

416

Бұл туралы Inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысында заңсыз қару мен есірткі сақтаған тұрғындар ұсталды Фото: Polisia.kz

Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында атыс қаруын заңсыз сақтаудың кезекті фактісін анықтады.    

Жедел уәкілдер қабылданған шаралардың нәтижесінде үйінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақтаған Жетісай ауданының екі тұрғынын, яғни әкесі мен ұлын анықтады. Полицейлер олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде Юнкер тіркелмеген қаруды, 16 калибрлі аңшылық мылтық, түрлі калибрлі патрондар, сондай-ақ дубинка мен есірткі заттарын тауып, тәркілеп алды.  

Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу