Түркістан облысында заңсыз темекі өндіретін 3 жасырын цех жойылды

90

Заңсыз өндіріс жалпы ауданы 500 шаршы метрден асатын нысандарда ұйымдастырылған. 

Түркістан облысында заңсыз темекі өндіретін 3 жасырын цех жойылды Фото: Бейнежазбадан

Қаржылық мониторинг агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін темекі өнімдерін – снюсті заңсыз дайындап, таратумен айналысқан топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Келес және Ордабасы аудандары аумағында орналасқан үш жасырын цехтың жұмысы әшкереленіп, толықтай жойылды.

"Заңсыз өндіріс жалпы ауданы 500 шаршы метрден асатын нысандарда ұйымдастырылған. Онда күн сайын шамамен 20 адам жұмыс істеген. Тыйым салынған өнімдер еліміздің барлық өңірлеріне жүйелі түрде таратылып отырған.

Заңсыз айналымнан 1 млн-нан астам дайын өнім, 30 тонна темекі, 2 млн қаптама пакеті, түрлі хош иістендіргіштер мен улы химиялық қоспалар, сондай-ақ өндірістік арнайы жабдықтар тәркіленді. Тәркіленген шикізат көлемі шамамен 60 млн дана бір реттік снюс өндіруге жеткілікті болған", – деп жазды агенттіктен.

Сот санкциясымен заңсыз қызметтен түскен қаражатқа сатып алынған екі автокөлікке тыйым салынды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Қаржылық мониторинг агенттігі снюс құрамында никотин мен улы химиялық заттар бар екенін ескертеді. Мұндай өнім тез тәуелділікке әкеледі, ауыз қуысының шырышты қабатын зақымдайды және жүрек-қантамыр аурулары мен улану қаупін айтарлықтай арттырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу