Түркістан облысында жабық базарлардың қызметі демалыс күндері тоқтатылады

1110

Түркістан облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды. 

Түркістан облысында жабық базарлардың қызметі демалыс күндері тоқтатылады

Өңірдің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.Нышановтың қаулысына сәйкес, азаматтардың қоғамдық орындар жүріп-тұруына байланысты және әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандардың жұмыс кестесіне қатысты тәртіп шаралардың нормалары бекітілді, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жабық базарлар жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ал үй жанындағы дүкендерге сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріліп отыр. Мал базарлардың санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, тек сәрсенбі күні жұмыс істеуіне рұқсат етіліп отыр.

Сонымен қатар, алып кету және жеткізіп беру режимінде жұмыс істейтін нысандардан басқа, қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі демалыс күндері мен мереке күндері жұмысын тоқтатады. Дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін қызмет көрсетуге рұқсат берілді. Онда да санитариялық-дезинфекциялық режим, 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталу керек.

Сауда саласындағы объектілердің, оның ішінде пісірілген өнімдерді, фаст-фудты, балмұздақты, сусындарды сататын дүңгіршектерге күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген. Құрылыс, оптика, гүл дүкендері мен зоомагазиндердің қызметі жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жалғасады, демалыс және мереке күндері істемейді.

Сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА-орталықтардың косметологиялық қызмет көрсететін объектілер қызметі (1 келушіге 4 ш.м. дейін, алдын ала жазылу бойынша, жазылу журналын жүргізумен, жазылу журналын нөмірлеу және тігу) сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін шектеледі.

Моншалар мен сауналардың қызметіне 50 пайыздан аспайтын сыйымдылықта сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат, демалыс (сенбі-жексенбі) және мереке күндері жұмысы тоқтатылады. Мектепке дейінгі балалар мекемелері кезекші топтарда 15 адамнан асырмау керек.

Фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары 30 пайыздан аспайтын сыйымдылықпен, әрбір жанға 5 шаршы метр аумақтан кем емес, алдын ала жазылу журналы арқылы жұмыс істейді. Мұндай нысандар да демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу