Түркістан облысында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 60-тан астам мектеп салынады

789

Бүгінде елімізде "Жайлы мектеп" жалпыұлттық жобасы жүзеге асып жатыр. 

Түркістан облысында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 60-тан астам мектеп салынады

Аталған жоба аясында Түркістан облысында жаңа форматтағы 60-тан астам мектеп салынады деп күтілуде.

Оның жартысының құрылысы биыл басталады.

Жоба аясында ашылған мектептер заманауи құрылғылармен толық жабдықталады. Зертханалармен қамтамасыз етіледі. Бастауыш сыныптарына арналған жеке блог болады. Мұндағы мақсат – оқушылар мен оқытушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау және білім беру қызметінің сапасын арттыру.

Аталған мектептердің құрылыс жұмыстарына беделді әрі бәсекеге қабілетті компаниялар тартылады.

Сонымен бірге жұмыс барысы қатаң қадағаланады. Ол іске аса білікті техникалық қадағалаушылар шақырылмақ.

Сондай-ақ бұл мектептер халық көп шоғырланған аумақтарда орналасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу